Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамеджан Тазабек спортшы Елдос Сметовпен қандай туысқан екенін айтты

Фото: Stan.kz

Танымал ақын, медиа маман Мұхамеджан Тазабек Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жақында қызын ұзатқан Мұхамеджан Тазабек Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жайлы сөз қозғады.

"Елдос Сметов – күйеу балам. Туған қарындасымның қызын алып отыр", – деді Мұхамеджан Тазабек.

Сонымен қатар айтыскер ақын Бекболат Тілеуханмен де туыстық қатынасы барын жасырмады. Бекболат Тілеуханның әпкесінің қызы Тазабектер әулетінің келіні екені белгілі болды.


  • "Мақпал Жүнісованың бетін аштым": Мұхамеджан Тазабек марқұм Заманбек Нұрқаділовті есіне алды

  • "Қыздың бәрін ғашық еткен": Тамара Асар досы Мұхамеджан Тазабекті жер-көкке сыйғызбай мақтады


Айта кетейік, жақында тәлісгер ұзатылған қызына ерекше сыйлық дайындаған еді. 

"Бұл сыйлықты қызыма ғана емес, ұзатылатын барша қазақ қыздарына, аяулы қарындастарыма арнадым. Қыздың болашақ жарына, ата-енесіне, жақындары мен екі жасқа арналған ең маңызды 40 кеңесті қамтып, кітапша етіп шығардым", – деп жазды ол. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 23 Мамыр, 2025 09:43