Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Музыкалық білімім жоқ": Әнші Qanay өзі туралы қызық деректермен бөлісті

Жас әнші Нұрболат Қанай жеке басына қатысты қызықты ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі gakkutv арнасының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

©instagram.com/qanay.913

Qanay өзінің қазақстандық әнші, “Орда” тобының мүшесі Дастан Оразбековтың шәкірті екенін айтты. Сондай-ақ ол өнерге жолдан қосылғанын да жасырмады.

“Музыкалық білімім жоқ. Негізі мамандығым – экономист-бухгалтер”, – дейді әнші.

Qanay ең алғаш тыңдаған әні мен студияда жаздырған әні туралы айтты.

“Ең бірінші тыңдаған әнім “Геркулес” мультфильмінің саундтергі. Ал алғаш студияда Талғат Жорабаевтың “Сағыныш сазы” әнін жаздырғанмын. Бір үнтаспамды әлі кездестірмеген жан жарыма арнап жаздым”, – дейді ол.

Жас әнші көпшілікке танымал “Ол қыз” әнін бір күнде жазғанын мойындады. 

Өнер иесі мылтық атуды ұнатады.

 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 01 Наурыз, 2023 16:09