Ер адам газдалған сусын ішемін деп 42 миллион теңгеге байыды
Фото: Pixabay.com
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатынының тұрғыны Альберт Клинтон сирек шығарылатын Shirley Temple 7-U газдалған сусынын сатып алу үшін дүкенге барып, кездейсоқ лотереяға қатысып, қомақты ұтысқа ие болды. People басылымының мәліметінше, ер адам кассада сусынмен бірге лотерея билетін де алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Лимиттелген Shirley Temple 7-U алкогольсіз "Ширли Темпл" коктейлінің дәмін еске түсіреді, сондықтан Клинтон бұл өнімді жиі іздейтінін айтады. Дегенмен оның басты олжасы – газдалған сусын емес, күтпеген жерден ұтқан лотерея билеті болды.
Жеңімпаз бұл сәтті "шындыққа сыймайтын сезім" деп сипаттады. Салықтарды алып тастағаннан кейін ол 82 мың доллар көлемінде төлем алады, бұл шамамен 42 миллион теңгеге. Клинтон ұтысын отбасымен Рождествоны атап өтуге жұмсайтынын мәлімдеді.
Кейінгі уақытта АҚШ-та лотерея арқылы байып кету оқиғалары жиілеген.
Бұған дейін Мэриленд штатындағы тұрғын Powerball және Mega Millions билеттерін спортзалға бара жатып сатып алып, 150 мың доллар ұтысқа ие болған. Ол ақшаны алдағы мерекелік шығындарға сақтап қоюды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін жүрегі үш минутқа тоқтағаннан кейін әйел о дүниенің бар екеніне сенгенін хабарланған еді.
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады