Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсылман мемлекеті Иранда қыздар хиджаб киюге қарсы шықты

Иранда хиджабқа қарсы наразылық шаралары жалғасып жатыр. 29 қаңтар күні Тегеран қаласында бойжеткендер 40 жылда алғаш рет бас көтерді.

Мұндай шеру елде 1979 жылдан бері болмаған. Наразылықты 31 жастағы Вида Мовахед есімді әйел бастады. 

27 желтоқсан күні ол шашын жайып, дүңгіршектің үстіне шығып, басындағы хиджабын қолына ұстап тұрды. Осылайша хиджабқа қарсылығын білдірді. Танымал адвокаттың айтуынша, әйел осы әрекетінен соң түрмеге жабылған.

29 қаңтар күні наразылық шеруі жалғасып, үш әйел қарсылығын білдіріп жатты. Желіде олардың суреті «Энгелаб көшесіндегі қыздар» хэштегімен тарады. Шеруге шыққан қыздарды қолдаған өзге тұрғындар дүңгіршек маңына гүл қалдыруда.

Иран мұсылман елі болғандықтан әйелдер мен қыздарға қоғамдық орындарда орамал тағуға міндеттейді. Кей қыз-келіншектер қоғамдық көліктің жеке мүлік екенін айтып, көлік ішінде жалаңбас отыруды қалайтындарын айтады.

Тағы да оқыңыз:

Аяққа киетін шұлыққа “Алла” сөзін жазғандар мұсылмандарды ашуландырды

Күніне үш рет: Ерлі-зайыпты 14 жастағы қызды бір жыл бойы зорлап келген

Өзге ұлтпен қол ұстасқан қазақ қыздарымен күресуші азамат: Ертең мені қамаса, жезөкшелер қаптайды

Талқылау