Мұсылман әйел баласын көзінше отқа тастап өлтіргенін айтты
Бангладеш еліндегі босқындарға арналған Кутупалонг лагерінде тұрып жатқан Раджума есімді рохиньялық әйел басынан өткен жантүршігерлік оқиғасын баспасөз өкілдеріне айтып берді.
Ракхайн штатындағы Тула Тули ауылында тұратын олар өткен айда әскерилер шабуылына ұшыраған болатын, деп жазады Muslim.kz.
«Сәбиімді қолыма ұстап тұрған кезімде, олардың біреуі мені салып қалды. Ауыр соққыдан бір сәтке есімнен танып қалдым. Есімді жиған кезде әскерилердің сәбиімді де ұрып жатқанын естідім», – дейді көзі жасқа толған ана.
«Әл-Жазира» арнасында жарияланған сұхбатта бұдан кейін Садиктің (сәбидің есімі) тірідей отқа тасталғаны айтылады. Ал, анасын әскерилер зорлауға кіріскен. «Әлі күнге дейін ішім өртеніп жатқандай күй кешемін» деп еңіреген Раджума сол күні сәбиіне қоса, туған анасы мен әпкесін, інісін де қоса жоғалтқан екен.
Тағы да оқыңыз:
Жиһадшылар Сириядағы соңғы плацдармынан айырылды
Мыңдаған рохинджа босқындары Мьянманы тастап Бангладеш шегарасына өтті
“Ислам мемлекеті” Филипп Киркоровтың концертінде жарылыс ұйымдастырмақ болды