Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мүшел жасқа кіріп жатырмын": Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың қызына ерекше сый жасады

Қарақат Әбілдина Тұрсынбектің қызына сый жасадыФото: Видеодан скриншот

Күні кеше Мөлдір Мұқанова туған күнін эстрада жұлдыздарымен бірге дүркіретіп атап өтті. Кеште қонақ болған әнші Қарақат Әбілдина әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызына сыйлық жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі өзіне аса қымбат, ұзақ жыл сақтап келген дизайнерлік бұйымын Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың екінші қызы әрі жас әнші Айымға сыйға тартты.

Оның айтуынша, қазақ халқының ырымында мүшел жасқа кірген адам жақсы көретін, қимайтын затын біреуге тарту етуі керек. Биыл мүшел жасқа қадам басқанын айтқан әнші бұл сыйлықты ақ жол тілеудің белгісі ретінде таңдаған.

“Үлкен сахнаға абыроймен жүргенімізге 30 жыл толады екен. Ал Айымның жолы енді басталып жатыр, осыған орай, “Бізден де асып өте ғой, біздің жолымызды берсін” деп ырымдап осы әдемі, дизайнерлік дүниені алып келдім. Мұны кезінде қатты ұнатып, арнайы өзіме тіктірген едім. Мүмкін, қызыма қалады деп ешкімге бермей, сақтап жүрген дүниемді Айымға тарту еткім келеді”, – деді әнші.


Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары балаларынан сыйлыққа 501 раушан гүлін алды

"Оған жаным ашиды": Мөлдір Мұқанова әнші Бақыт Тұрманның мәлімдемесіне жауап берді


Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқановаға бейтаныс жан көлік мінгізгені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 15:17