Мұратхан Тоқмәдидің қызы түрмедегі әкесін сағынып хат жазды
Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыптаумен қамауға алынған танымал бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің қызы Зере Шекерхан әкесіне сағыныш хатын жолдап, көпшіліктің жүрегін тебірентті.
Әлеуметтік желідегі хат Тоқмәдидің туған күні 3 тамыз қарсаңында жазылған.
“Бүгін менің әкемді көрмегеніме, одан “қалың қалай? Не істеп жатырсың? Не жаңалық?” деген жылы сөздерді естімегеніме, әке жылулығын сезінбегеніме 52 күн…Бірақ, әр түн сайын мен әкемді түсімде көремін, жүрегім жарылып кетердей болып мен оған жүгіріп бара жатамын. Бәрі артта қалып, біз бақытты болып тұрамыз. Бірақ, оянған кезде мұның бар болғаны түс екенін сезініп, шын мәнінде оны құшақтай алмайтынымды түсінемін.
Оның ол жақта бізді уайымдап жатқаны анық. Ол жерде ыстық, ал әкем салқын жерде демалғанды жақсы көретін, себебі сол пайдалы дейтін. Мен оны қатты сағынып, жүрегім ауырса да барынша шыдамды болуға тырысамын. Ең бастысы әкемнің тірі екені үшін Аллаға шүкіршілік қыламын. Әйтеуір оны құшақтайтын, жаңалықтарыммен қуана бөлісетін сәт туатынына сенемін. Жаратқаннан сол кезді тезірек болғызуын сұраймын. Оның денсаулығы үшін алаңдаймын. Және әділдік орнауын сұраймын”, – деп жазады ол.
Алматыдағы арнайы операция барысында Қазақстандағы ірі зауыт “ҚазШыныҚұрылыс” директоры Мұратхан Тоқмәдиді ұстады. Кейін оның қызы да оқиғаның қалай болғанын баяндап берген болатын.
Жәмила Айымбетова бұған дейін де ҰҚК ұстап әкеткен бизнесмен күйеуінің ісіне байланысты үндеу жолдаған еді.
Оқи отырыңыз:
Қазақстаннан қажылыққа қанша қаражатқа баруға болады?
Ер адам бұрынғы сүйіктісінің мәйітін тоңазытқышта сақтап келген
Ақтөбеде Әнұранға құрмет танытпаған сақалды жігіттер елдің ызасын келтірді (видео)
Балалар үйі басшылығы 14 жылдан кейін ата-анасына оралған қыздың тағдыры туралы айтып берді