Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Шаханов сотқа шағымданатынын ескертті

Қазақстанның халық жазушысы, «Түркітілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері Мұхтар Шаханов сотқа шағымданатынын ескертті.

84208-preview-image

“Кейінгі кездері ғаламтордағы әлеуметтік желілерде менің атымнан парақша ашып алушылар тым көбейіп кетіпті. Маған тілектес, ниеттес адамдар санаған екен, олардың жалпы саны 56-ға жетіпті. Тіпті билік басында жүрген кейбіреулердің шетелдерде қанша үйі бар екенін де менің атымнан жіберіпті. Сөздің ашығына келсек, менің бір де бір парақшам жоқ. Ғаламтор арқылы біреуге бір ауыз сөз жазып көрген адам емеспін. Ғаламторды меңгеруге енді ғана кіріскелі отырмын”, – дейді Шаханов.

“Ескертерім мынау: Есімімді, беделімді пайдаланып, менің атымнан парақша ашып алғандар мұндай алаяқтық сипаттағы жөнсіз әрекеттерін тоқтатпайтын болса сотқа шағымданатынымды мәлімдеймін”, – дейді ол.

Abai.kz

Тағы да оқыңыз:

Шаханов үндемейтін депутаттарды Ырбигүл мен Жырбибайға теңеді

Шахановтың әзілдері: Қораздың жұбайы мен айғырдың әйелі болмаса, аштан өлетін едім

Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды

Талқылау