Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды
Танымал қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздарды азаматтықтан шығарып тастауды ұсынды. Оның айтуынша, жат елдің азаматының етегінен ұстап кеткен мұндай азаматшалар мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Шаханов өзінің Facebook-тегі парақшасында:
«Шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздар азаматтықтан шығарылсын. Адамның құқынан гөрі бізге мемлекеттің қауіпсіздігі маңызды. Қазақстанның тұтастығы, бүтіндігі, болашағы маңызды. Қолдауларыңызды сұраймын!
Әр адамда әртүрлі ойлар болуы заңды. Бірақ бұл мәселеде дауласпай, қырық пышақ болмай шешейік. Осы күнге дейін өмір сүріп кеткен бабаларымыздың рухы мен болашақ ұрпағымыздың алдында жауапты шешуші тарихи қадам.
Атам қазақ «Жиен ел болмас» деген нақыл сөзін жадыңыздан шығармаңыздар», – деп жазды.
Желі қолданушыларының басым бөлігі Мұхтар Шахановтың бастамасын қоштай түсті.
«Өте дұрыс шешім. Ондай қыздар біздің қазаққа жиен тауып қарық қылдырмай-ақ қойсын. Одан да енді оларды қазақ жеріне аяқ баспайтындай ету керек», – дейді Әсел Махмұтова есімді оқырман. Сол сияқты Ақсұңқар Рысбек есімді желі оқырманы:
«Мұхтар аға, қолдаймын әрі кеудесінде намысы бар әрбір қазақ сізді қолдайды деп сенемін», – деп қоштады.
Жіберіп алмаңыз:
Науқас баласы бар астаналық әйел уақытша тіркеудің кесірінен баспанасынан қуылды
Ақтөбеде әйел 11 айлық сәбиін жатақхана дәлізінде тастап кеткен
Қандай жағдайда полицейлер үйлерді аралап азаматтардың тіркеуін тексереді?
Семейде 20 жыл бұрын жоғалып кеткен бала қайта іздестіріле бастады (фото)