Мұхамедиұлын “жыныстық бопсалады” деп айыптаған қыз сөзін жоққа шығарып үндеу жариялады (видео)
Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін сексуалды түрде бопсалады деп айыптаған Еңлік Сыдықоға өз сөзінен бас тартып, видеоүндеу жолдады.
Бойжеткен “Феникс” фильмінің режиссерларының қолдауымен бұған дейін министрді айыптап үндеу жазғанын, алайда режиссерлардың өз сөзін жоққа шығарып, кінәларын мойындағанына байланысты бұл істі тоқтауды қалайтынын айтты.
«Мен бұдан былай бұл істің жалғасқанын қаламаймын, пікір де білдіргім келмейді», – дейді Сыдықова видеода.
Оның сөзін адвокаты Гүлнәр Жуасбаева жалғастырып, Еңліктің сөзін қолдайтынын айтты.
«Мен Сыдықованы қолдаймын. Егер ол қаласама, бұл да мен үшін заң. Бұл дауды әрі қарай талқылаудың еш керегі жоқ. Сондықтан бұдан әрі тағы да тылқыға түспесе екен деймін. 24 жастағы Еңліктің болашағы алда. Мүддесін қорғауды сұрағанда оған алдымен ана ретінде, әйел ретінде көмектескім келді. Мұның екі айға жуық ғаламтор бетінде дауға айналғаны үшін кешірім өтінем», – дейді ол.
Жексенбі күні, 9 қазанда, Youtube желісінде бойжеткеннің видеожазбасы жарияланды. Жазбада Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Сыдықова Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне қырындағанын айтқан. Министрдің өзі бұл шағымды жала деп мәлімдеген еді.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда екі ер кісі электрші кейпінде зейнеткерлерді алдап келген
Имам Алматы мешіттерінде біраздан бері ұрлық жасап жүрген жігітті ұстап алды (видео)
Бас прокуратура алдында өзін өртеп жіберген әйел қайтыс болды
Шымкентте әйелі күйеуінің өз туған қызын зорлап жатқан жерінен үстінен түскен