Мұхамедиұлын ақша бопсалады деп айыптаған қазақстандық режиссерге айыппұл салынды
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын пара сұрады деп айыптаған қазақстандық кинорежиссер Талғат Жәнібековке айыппұл салынды.
Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Сарыарқа ауданының № 2 соты Жәнібековті кінәлі деп тауып, 500 АЕК көлемінде айыпұл салды», – делінген хабарамада.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Танымал режиссер Талғат Жәнібеков Мәдениет министрін “ақша бопсалады” деп айыптаған. “Феникс” фильмі авторының айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы түсірілім жұмыстарын аяқтау үшін бақандай 100 мың доллар талап етіпті. Оны тауып бере алмаған соң фантастикалық триллердің түсірілімі біржолата тоқтап, әртістері тентіреп қалды дейді режиссер.
Жіберіп алмаңыз:
Жамбыл облысында 27 жастағы жігіт бүлдіршін кейпінде қалып өспей қалған (фото)
Дәрігерлер шарананы ана құрсағынан шығарып алып ота жасап, жатырына қайта салған (фото)
Жұмбақ сурет: Үш заттың ортақ ұқсастықтарын таба аласыз ба? (фото)
Министрлік: Колледж студенттері үшін оқу да, тамақ та, шәкіртақы да тегін болады