"Мүгедек ұлымның тырнағын түбімен жұлып алған": Баланың анасы орталық қызметкерлерін кінәлап отыр

Сал ауруына шалдыққан баланың тырнағын жұлған кім? Анасы бұл жарақатты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық қызметкерлері салды деп отыр.

sausaq

Оқиға екі ай бұрын болса да, ешкімнің жауапқа тартылмағанына ашулы. Алайда жеке меншік мекемедегілер айыпты жоққа шығарып, өз уәждерін алға тартып отыр. Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.  

Бірінші мүшеліне келген Бирақым туғанынан сал ауруына шалдыққан. Үйдің кенжесі. Қос көзі де көрмейді. Күндізгі уақытта анасы әлеуметтік қолдау көрсету орталығына апарып жүрген. Сөзіне сенсек, екі ай бұрын ұлын алып кетуге барғанда бас бармағының бинтпен таңылғанын көрген. Орталықтағылар "балаңыз саусағын аздап кесіп алды", - деп шығарып салыпты.

Артынша дәрігерге апарып көрсеткенімде талып қала жаздадым дейді. Бас бармағындағы тырнағы түбімен жұлынған.

"Баламды қараған хирург тырнақты тістеп жұлу мүмкін емес дейді. Сондықтан екі нұсқа айтты. Не біреу әдейі қысқышпен тартқан немесе саусақ темір колясканың саңылауына жаншылып қалып, әлдебіреу оны байқамай жұлып жіберген. Әдетте ұлымды есту қабілеті нашар қызметкер жетектеп жүреді. Оқиға содан болды ма деп отырмын", - дейді анасы Гүлназия Тоқтарова. 

Гүлназия Тоқтарованың айтуынша, арада екі ай өтсе де, ешкім баланың қалын білмек түгілі, келіп кешірім де сұрамаған. Онысына ашуланған ана орталықты жабу керек дейді. 

“Мен бұл орталықтың жабылуын талап етемін. Баламмен болған оқиға мені қатты ашуландырды. Онда барған өзге балаларға күтім жасалмағандықтан, көз жұмғанын да естідім. Міндетін атқара алмайтындар жұмыс істемеуі керек", - жәбірленуші.

Ана айыптап отырған орталық 9 қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Біраз жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көрінеді. Ондағы қызметкерлер балаға жара салмадық деп ант су ішуде.

Қызметкерлердің сөзінше, Бирақымның бас бармағының тырнағы орталыққа келмей тұрып жұлынған. Айыптыны әлеуметтік мекемеден іздеу қисынсыз деп отыр.

"Балалардың құқын қорғайтын мекемеде зәбір көрсетті деу ақылға қонымсыз. Біздің қызметкерлер оны жасамағанына сенімдімін. Дей тұрғанымен, бізде қызметтік тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесін күтіп отырмыз. Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде біздің орталығымызға қатысты жалған ақпарат таратылып жатыр. Атымызға кір келтіріп жатқан кісінің үстінен арыз әзірлеудеміз", - дейді "Балам-ай" қоғамдық қорының төрайысы Әсел Исмағамбетова. 

Бір байқағанымыз, орталық ішінде бейнебақылау камералары жоқ. Дәл осы фактор қос тарапқа да позициясын дәлелдеу үшін қиындық туғызатын секілді. Адам төзгісіз азапты бастан кешірген Бирақым да, сал сырқатына байланысты сөйлей алмайды. Қолын ұстасаң сескеніп, жылы сөйлесең ғана көңілі көтеріледі.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыныстық қатынас арқылы: Дәрігер қазақстандықтарға арқа ауруын емдеудің жолын үйретті

Жыныстық қатынас психологиялық және соматикалық денсаулықты жақсартады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған
Çàãðóçêà...