Мұғалім мектептің 30 мың доллар ақшасын казиноға тігіп, ұтылып қалған
АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын мұғалім мектепке тиесілі ақшаны ұтысқа қойып, ақыр соңында ұтылып қалған. 29 жастағы ұстаз мектеп қажеттілігіне жұмсалуға тиісті 30 мың долларды казино үстелінде қалдыруға мәжбүр болған.
Бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Лидия Кристин желге шашқан ақшаның 19 мың доллары мектеп балына, ал 12,5 доллары экскурсияларды ұйымдастыруға жұмсалуы тиіс болған.
Басылымның хабарлауынша, құмар ойынға тәуелді болған әйел бас-аяғы 90 мың доллар көлемінде ақша ұтылып қалған.
Мектеп мұғалімі біреудің мүлкін иеленіп, оны өз пайдасына асырғаны үшін айыпталып отыр. Сот отырысы 5 қазанға белгіленген. Педагогтың кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
“Мисс Түркия-2017” жеңімпазы етеккір туралы жазбасына бола тәжінен айырылды
Солтүстік Корея Трамптың Бас Ассамблеядағы сөйлеген сөзіне жауап ретінде сутегі бомбасын жармақшы
Арабиялық әуе компаниясы әлемде алғаш рет ұшақты екі жатын кереуетімен жабдықтады (видео)
Трамптан Атамбаевқа дейін: Әлем президенттерінің айдай сұлу келіншектері БҰҰ-ны қаратты (фото)