МС Сайлаубек полицияға түсініктеме берді (видео)
Алматы полициясы Сайлаубекке қатысты ақпараттың жалған екенін анықтады. Бұл туралы қалалық ІІД хабарлады.

Ішкі істер департаментінің қызметкерлері іске қатысты жедел атқарылған шаралардың арқасында Сайлаубек пен оның продюсерін іздеп, бейнематериалдағы шабуылдың өткен жылдың желтоқсан айында түсірілген клип үзіндісі екенін айтты. Бұған дейін әншіге қаладағы түнгі клубтардың бірінде оқ атылғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Кейінірек, мұны сенімді ақпарат көздерінің хабарлағаны жайлы да мәлімет айтылып, оның продюсерімен бірге жауапқа тартылуы мүмкін екендігі де болжанған.
Өз кезегінде әншінің продюсері желіде пайда болған жалған ақпарат әншінің PR-ы үшін жасалғанын мойындады. Қазіргі таңда интернет пен әлеуметтік желі кеңістігіне өтірік ақпарат таратқан тұлғаларды жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
Талқылау
"Соңы қуғын-сүргінге алып келеді": Белсенділер Қазақстан депутаттарының ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы шешіміне қарсы шықты
Депутаттар ашық насихатталып жатқан бір жынысты неке, педофилияға заңмен тыйым салу көзделіп отырғанын айтты