Мойнына пышақ тақаған: Алматыда белгісіз біреулер жас қызды тонап кетті
Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйінің жанында белгісіз біреулер жас қызды тонап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөзден
Желіде тараған ақпаратта оқиғаның 12 қаңтарға қараған түні болғаны жазылған. Куәгерлердің айтуынша, қылмыскерлер қыздың тамағына пышақ тақап, ұялы телефонын алып, белгісіз бағытта жоғалып кеткен.
Жәбірленуші қыз айналадағы адамдарды көмекке шақырып үлгергенімен, ұрыларды ұстау мүмкін болмапты. Куәгерлер қылмыскерлердің есірткіге мас күйде болулары мүмкін екенін айтады.
-
Қазақстандық танысына өз үйінде тегін тұруға рұқсат берді, ал ол зейнеткерді 7 миллион теңгеге тонап кетті
-
Алматыда фельдшер жедел жәрдемде жатқан науқастың жарты миллион тұратын дүниесін тонап кетті (видео)
Желі қолданушыларының айтуынша, қылмыс болған аудан туристердің көптігі мен ауқатты тұрғындарының болуымен қылмыскерлер үшін “тартымды олжаға” айналған. Аудан мәртебесіне қарамастан, тонау, ұрлық фактілері жиі кездеседі екен.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
"Бұл оқиға бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір аталған қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған бірқатар жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам элиталық тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірін тонамақ болып, екі адамды атып өлтіргені туралы жазған едік.