Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мойныма алқа тақты": Салтанат Байқошқарова екі қызының дүниеге келуіне көмектескені үшін Баян Мақсатқызының берген сыйлығын көрсетті

Танымал репродуктолог-дәрігер Салтанат Байқошқаров продюсер Баян Мақсатқызының берген сыйлығын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/saltanat_baikoshkarova/

Айта кетейік, продюсер тамыз айында екі мәрте ана атанып, қызды болған еді. Ел алдында дәрігер Салтанат Байқошқароваға алғыс білдірді. 

“Осыдан біршама уақыт бұрын Баян ханымның үйінде екі қызымыздың қырқынан шығаруы болды. Алиса мен Алманың салтанатты кешінде керемет тойбастар таратылған еді. Ағылшынша айтсам, unpacking жасап, сіздерге көрсетуді жөн көрдім. Динара Сәтжан қоржын әкелді. Сол жерде отырғандардың бәрі таласып, ырымдап алды. Мен де немереме ырымдап, қалташа алып қойдым. Ішінде көз бояйтын қарындаш бар. Өте керемет дайындалғанын бәріңіз көрдіңіздер. Мойныма алқа тақты. Алисада безендірілген түсі қызғылт болды. Шабдалы түс деп айтуға болады. Алманікі жасыл түс болды. Негізі тойбастарға қымбат бет күтімі жиынтығын таратты. Ешкімге бермей, өзім қолданамын. Маған иісі де, түсі де қатты ұнады. Жұғысты болсын деп көрсетіп жатырмын”, – деп жазды дәрігер.



Еске салайық, продюсер екі қызының алдында екі рет түсік тастағанын айтқан еді. 

“Төрт жыл бұрын алғашқы қадам сәтсіз болды. Ұрықты орналастырғаннан кейін екі апта өткен соң дамымай қалып, түсік тастады. Тұрсен “Онда тұрған ештеңе жоқ, демек уақыты әлі келмеді” деді. “Тағы бір рет талпынып көрейік” деген ой айтты. Сәтсіз оқиғаға екі жылдан кейін тағы тап болдық. Ол кезде де ұрық дамымай қалып, түсік тастады. Тұрсен де екі рет сәтсіз болса да, күлімдеп “Тағы да көрейік” деді. Сол кісінің қолдауымен екі қыздың ата-анасы атандық – деген еді танымал продюсер.

 

Талқылау