"Мойындарына ау оралған": Маңғыстау облысында тағы да итбалықтар қырылып жатыр

Маңғыстау облысында тағы да итбалықтар қырылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Итбалықтардың өлекселері Түпқараған ауданы Баутин ауылы аумағындағы теңіз жағасынан анықталған.
Оларды байқап, құзырлы органдарға хабар берген тұрғынның айтуынша, жағалауда 6 өлексе жатыр. Оның екеуінің мойынына ау оралған.
"Үмітпен қарап тұрды": Каспий жағалауында мойнынан ауыр жараланған итбалықтың видеосы тарады
Осы оқиға бойынша Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасы барлық құзырлы орган инспекторлары оқиға орнына кеткенін хабарлады.
“Мамандар алгаритм бойынша жұмыс істейді. Экология және гидробиология институтының қызметкерлері сол жерде”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Маңғыстауда жағалаудан екі мыңнан астам итбалықтың өлексесі табылғанын жазғанбыз.
Қазақстандық мұғалімдер жаңа Конституцияны қолдауға мәжбүрлеп жатқанын айтты: Алайда оқу-ағарту министрлігі жоққа шығарып отыр
Ал бұл қарсылыққа жергілікті билік пен министрлік жауап берді
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған