Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Моральдық тұрғыдан дайынмын": Жан Мұқановтың сегізінші баласы дүниеге келгені туралы жаңалық пранк болып шықты

Жан Мұқанов қазақстандықтарға пранк жасадыФото: instagram.com/impresario.tv/

Танымал продюсер Жан Мұқанов оқырмандарына пранк жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күні кеше Жан Мұқанов сегізінші рет әке болғанын хабарлап, перзентханадан түскен суретін жариялаған еді. Сондай-ақ ұлды болғанын айтқан. Жұлдызды әріптестері мен оқырмандары қуанышымен жарыса құттықтады.

Жан Мұқанов қазақстандықтарға пранк жасады

Алайда бүгін продюсер бұл 1 сәуірге арналған әзіл болғанын мойындады.

“Құттықтауларыңызға рақмет. Тексеру сәтті өтті – сезізінші балаға дайын екенсіздер. 1 сәуір құтты болсын! Бірақ шынын айтсам, мен өзім де моральдық тұрғыдан дайынмын”, – деп жазды Мұқанов.

Мұндайға дайын болмаған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

“50 жасқа келсең де бізбен әлі ойнайсың”, “100 жылдан кейін оятып, Жан Мұқанов не істеп жүр десе, “тағы да әке болып жатқан шығар” дер едім”, “Ой, мен сеніп қалдым”, “Халық, тарайық, 1 сәуірге арналған әзіл екен”, “Енді не істейміз? Сенеміз бе, сенбейміз бе?” – деп жазды олар.


"Бүкіл зұлымдық та, жақсылық та – әйелден": Жан Мұқанов отбасындағы ер мен әйелдің рөлін бөлді

"Шәкентиді өзі таңдады": Жан Мұқанов актер Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісін кінәлады


Айта кетейік, жақында танымал әнші Абай Бегей де сегізінші рет әке болғаны хабарланған еді.

Айта кетейік, бұған дейін 

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 02 Сәуір, 2026 18:08