Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Moody's Halyk Bank-тің рейтингін Baa1 деңгейіне көтерді

Moody's Investors Service халықаралық агенттігі ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерді тарихи түрде жоғары деңгейге көтерді. Нәтиже Baa1 тәуелсіз деңгейінде, болжаммен “тұрақты”.

Halyk Bank

Шешім нәтижесінде Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингі Baa2 деңгейінен Baa1 деңгейіне дейін көтеріліп, оң болжамнан тұрақты деңгейге өзгерді. Бұл Moody's агенттігінің берген бағасы. Бұл бағалау институционалдық және саяси ортаны жақсарту мен көмірсутек шикізатына экономиканы әртараптандырудың тұрақты динамикасымен Қазақстанның күйзелістерге төзімділігін арттыра түседі.

Moody's банктің соңғы екі-үш жылда жақсарған несиелік көрсеткіштерін сақтай алатынына сенімді. Оның дамып, өсіп келе жатқан франшизасының да кірісті сақтайтынын күтеді. Сонымен қатар, рейтингтік агенттіктің болжамы бойынша экономикалық тұрақтылықтың жоғарылауы тәуекелдің құнын шектейді. Ал ақшаның тұрақтылығы депозиттік базаның беріктігін сақтап, өтімділікті арттырады.

Рейтингтің өсуі Moody's-тің банктің қабілетіне, операциялық ортасының жақсаруына, өз капиталының, өтімділігі мен кірісінің сақталуына үмітін көрсетеді. Сондай-ақ активтер сапасының жақсаруына және олардың құбылмалылығын төмендетуге мүмкіндік беретініне сенімін көрсетеді.

Агенттік Halyk Bank-тің күшті капитализациясын және оның активтерінің сапасының жақсарғанын атап өтеді. Сонымен қатар проблемалық несиелердің жалпы несиелерге қатынасы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында 7,2%-ға дейін қысқарған. Салыстыру үшін, бұл көрсеткіш 2023 жылы 7,5%, 2021 жылдың соңында 8,6% және алдыңғы жылы 12,3% болған. Сонымен қатар, Moody's банктің өте күшті франшизасы бар екенін көрсетті. Бұл оның таза табысының жоғары деңгейінде және орташа активтерге қайтарымның 4%-дан жоғары болуымен байқалады.

Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова рейтингке сүйене отырып, рейтингтің тарихи жоғары деңгейге көтерілуі Банктің  жоспарлы дамуындағы кезекті кезең болғанын айтады. Шаяхметованың айтуынша, Halyk еліміздің және өңірдің қаржы секторының көшбасшысы ретіндегі мәртебесін көрсететіп отыр, 

"Халықаралық сарапшылар тарапынан берілген жоғары баға Халық тобының негізгі бағыттарының одан әрі өсуіне ықпал ететініне, сондай-ақ еліміздің және өңірдің барлық қаржы секторы үшін жаңа бағдар болатынына сенімдіміз", – деп деді Үміт Шаяхметова.

Halyk — бөлшек сауда, МСБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер, активтерді басқару және өмір салты (лайфстайл) сияқты әр түрлі сегменттерде  жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржылық топ. Банк 1998 жылдан бері Қазақстан қор биржасында, 2006 жылдан бері Лондон қор биржасында және 2019 жылдың қазан айынан бастап Astana International Exchange биржасында листингте тұр.

2024 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша банктің активтері шамамен 16 750 миллиард теңгені құрады. Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады және ел бойынша 568 филиал мен бөлімшеден тұратын ең үлкен клиенттер базасына және филиалдар желісіне ие. Сонымен қатар, банк Грузия мен Өзбекстанда да қызмет етеді.

Банк туралы толық ақпаратты мына сілтемеден таба аласыз. 

Талқылау