Moody’s "Фридом Банк Қазақстан" АҚ-қа Ba3 деңгейінде ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтер берді

Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі "Фридом Банк Қазақстан" АҚ-қа ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерді Ba3 деңгейінде "тұрақты" болжамымен берді.
Агенттіктің пікірінше, банктің рейтингі ипотекалық кредит беру және автокредиттер сияқты негізгі бөлшек өнімдері бар қалыптасып келе жатқан тұрақты кредит беру үлгісін көрсетеді, сонымен қатар Қазақстан Үкіметі тарапынан банкті қолдау ықтималдығының бірқалыпты деңгейін (Baa1 деңгейі, "тұрақты" болжам) қамтиды.
Moody’s сарапшылары банктің кредиттік тәуекелдерінің бірқалыпты деңгейде екенін атап өтіп, проблемалық кредиттердің төмен базасын және резервтерді белсенді ұлғайтуды ескере отырып, болжамды кезеңде тәуекелдер бақылауда болады деп есептейді.
"Біз Freedom Bank пайдасы алдағы 12–18 ай ішінде бірқалыпты өседі деп күтеміз. Сонымен қатар банктің капитал жеткіліктілігі тұрақты деңгейде тұр", – делінген агенттік хабарламасында.
Агенттік депозиттік базаның белсенді өсімін де атап өтті: 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында депозиттер көлемі 24%-ға артқан, бұл ретте өтімділік көрсеткіштері тұрақты деңгейде сақталған.
"Біз банктің ақшалай резервтері өтімділік пен қайта қаржыландыру бойынша қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу үшін жеткілікті деңгейде қалады деп есептейміз", – делінген Moody’s баспасөз хабарламасында.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған