Моңғолиядағы қазақ дзюдошы Ёолк Кадербек жылдың үздік спортшысы атағын жеңіп алды

Қандасымыз Ёолк Кадербек Моңғолияның “Жыл спортшысы” атағын жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен “Бөртэ Чоно” марапаттау салтанатында 2025 жылдың үздік спортшылары анықталды.
Жыл қорытындысы бойынша, қандасымыз Ёолк Кадербек ерлер арасындағы “Жылдың ең үздік” спортшысы атағын жеңіп алды.
Айта кетейік, Ёолк Кадербек Будапеште өткен әлем чемпионатында 60 келіде бақ сынаған еді. Ол біріншілікте сәтті өнер көрсетіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.
Дәл осы жетістігінің арқасында ол Моңғолияның үздік спортшысы атанып отыр.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

