Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моңғолия президенті қымбат көлік пен резиденцияда тұрудан бас тартқан

Моңғолияның жаңа президенті Халтмаагийн Баттулга өзіне тиесілі резиденцияда тұрудан бас тартты. Аталған резиденция парламент орынбасары Миеэгомбын Энхболд пен премьер-министр Жаргалтулгын Эрдэнэбатаның үйлерінің қасында орыналасқан екен.

ss_162014-pic905-895x505-58615

Сурет: Газета.ру

Бұл туралы “Монголия Сейчас” басылымы хабарлайды.

63 жылдан бері Юмжагийн Цэдэнбал, Жамбын Батмунх, Пунсалмаагийн Очирбат, Нацагийн Багабанди, Намбарын Энхбаяр және Цахиагийн Элбэгдорж сынды Моңғолия басшылары қатаң күзеті бар Богдо уул тауының бөктерінде тұрған.

Басылымның хабарлауынша, Баттулга Орталық поштаға қарама-қарсы тұрған үйге жайғасуды жөн көріпті. Мұнымен қатар, Моңғолия басшысы жұмысқа жаяу бармақ. Үйі мен әкімшіліктің арасы 400 метр екен. Президент әкімшілігі өзге де басшылар қымбат үйлер мен көліктерден бас тартады деген ойда.

Демократиялық партиядан шыққан кандидат Баттулга 2017 жылдың 8 шілдесінде президенттік сайлауда жеңіске жетті. Ол жалпы 50,6% дауысты иемденген екен.


Жіберіп алмаңыз:

Ер адам 21 жылдан соң жасамаған қылмысы үшін түрмеден ақталып шықты

Үнді баласының жұлынған тісі әлемдегі ең ұзын тіс деп танылды

1 жасар бала ойыншық пойыздың астына түсіп көз жұмды (видео)

Жас жігіт жұмысына макияж жасап баруға рұқсат бермейтінін айтып шағымданды

Талқылау