Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Моңғолия астанасының атауын Ұланбатыр деп қазақтың біртуар азаматы қойған

Тұрар Рысқұлов 1924 жылы жазда Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы өкілі әрі басшысы болып тағайындалды. Ол онда Моңғол Халық Республикасының аяғынан нық тұрған мемлекеттік ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірді.

1492581817aa247d4

Рысқұловтың тұсында Моңғолия елінің Конституциясы өңделді. Яғни мемлекеттің ең басты Заңы қазақ баласының ықпалымен әзірленді. Оның ХХ ғасырдың басында Монғолия елінің ұлттық ақшасын белгілеу жөніндегі қызметінің өзі бір төбе. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық бағдарлама дайындалып, ел экономикасы, хал-ахуалы, жерге қатысты мәселелердің сұрақтары шешілді, деп хабарлайды kazakh-tv.

149258188486a6a65

Тағы да қызықты факт. Моңғолия астанасының атын өзгерту туралы ұсыныс жасаған да Рысқұлов еді. Тарихта шаһардың атаулары Өргө, Хүрэ және соңғысы Нийслэл Хүрэ деп аталған. Еуропа елдері Урга деп атап жүрді. Атауын өзгертуге моңғол халқы араласып, Шыңғысханды меңзеп, қаланы «Батыр Хото», яғни «Батырдың қаласы» деп атамақ болады. Алайда, Тұрар Рысқұлов өз дегенінен қайтпай, «Батыр» деген сөзге «Ұлан» сөзін жалғап, «Ұланбатыр» деген атауды жөн көреді. Ұлаанбаатар сөзінің қазақша мағанасы -«Қызыл батыр». Осылайша, әлем картасында «ҰЛАНБАТЫР» деген қала атауы пайда болады.

Тағы да оқыңыз:

Қазақтың үш асыл ұлы бір әйелге ғашық болған

Қазақтың белгілі жазушысы Ілияс Есенберлин жарын қалай таңдаған?

Мұхтар Әуезов Әзірет Әлидің қырық бесінші ұрпағы болып шықты (фото)

Талқылау