Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Молдова ТМД құрамынан шығу туралы заң қабылдады

Фото: blizko.by

Молдова парламенті екінші оқылымда ТМД-дан шығу туралы заң қабылдады. Ел коммунисттер мен социалисттерді қолдамайтынын білдіріп, Еуропалық Одаққа қосылуға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл заң 1991 жылы Минск пен Алматыда жасалған ТМД-ны құру келісімін, оған қосылған хаттамаларды және ұйымның 1993 жылғы Жарғысын жоюға бағытталған.

Парламенттегі 101 депутаттың 60-ы "иә" деп дауыс берді. Оларды билік партиялары мен бұрынғы премьер-министр Ион Кику қолдады. Бұл шешім Молдованың Еуропалық Одаққа қосылу стратегиясына сай келеді. Ал коммунисттер мен социалисттер қолдамайтынын білдіреді. Олар бұл шешімді "халыққа сатқындық" деп атады және ел экономикасына кері әсерін тигізеді деп мәлімдеді.



Заң бойынша Молдованың ТМД-дан шығуы бір жылдан кейін толық күшіне енеді. Қазір ТМД құрамында сегіз мемлекет бар: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан. Түркіменстан – қосалқы мүше. Ал Украина де-факто қатысушы. Бірақ Жарғыны ратификацияламаған. 2008 жылы Грузия ұйымнан шыққан.

STAN.KZ
Сенбі, 04 Сәуір, 2026 11:45