Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Мөлдір Жаңбырбай Karate 1 Premier League кезеңіңде жеңімпаз атанды

Қазақстандық каратэ шебері Мөлдір Жаңбырбай 2025 жылғы Karate 1 Premier League халықаралық турнирлер сериясында жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Karate 1 Premier League үшінші кезеңінде отандасымыз алтын жүлдені иеленді. Ол финалда Хорватия спортшысы Эмма Сгарделлиді соңғы секундта жеңіп кетті.

Мөлдір Жаңбырбай 2025 жылдың қаңтар айында Парижде өткен турнирдің алғашқы кезеңінде 50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болған еді. Ол үшінші орын үшін жекпе-жекте жапондық Окадзакиді жеңді.

Турнирдің екінші кезеңі наурыз айында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті. Бұл жолы Мөлдір финалға дейін жетіп, алжирлік Силия Уикенмен кездесті. Кездесу 8:8 есебімен тең аяқталды, бірақ Senshu ережесі бойынша (алғаш ұпай жинаған спортшы жеңімпаз болып танылады) жеңіс қарсыласына берілді. Осылайша, Жаңбырбай күміс жүлдегер атанды.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 21 Сәуір, 2025 11:59
Талқылау