"Екеуміз бүгін түскі ас кезінде таныстық": Мөлдір Мұқановаға бейтаныс жан көлік мінгізді

Әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқановаға жарнама тапсырыс берушісі су жаңа темір тұлпар сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның сөзінше, өнер иесі өзі мініп жүрген көлігін балаларына беріп, бұған дейін жаяу жүрген. Сондай-ақ кадрлардан Мөлдір Мұқанованың көз жасына ерік бергенін байқауға болады.
Бір қызығы – Мөлдір мен көлік сыйға тартқан Айгүл сол күні ғана танысқан.
“Кең болсаң кем болмайсың дейді қазақ. Қараңыздаршы, бейтаныс жан, екеуміз түскі ас кезінде таныстық, артынан көпшіліктің алдында маған көлік сыйлады”, – дейді әнші видеода.
Өнер иесі жазбасында ниетің қандай түзу болса – жолыңа да тілектес, ниеттес адамдар жолығатынын алға тартты.
“Алла адамға айтпай сынақ ғана бермейді, айтпай сыйлық та береді. Ниетің қандай түзу болса – жолыңа да тілектес, ниеттес адамдар жолығады. Екі аяғыма шүкір деп жаяу жүргенімде Айгүл төрт аяқты тұлпар сыйлап таңғалдырды. Көркің де, көлігің де, өмірің де тозбасын деп тілек білдірген досыма үлкен рақмет! Қазақ бай болсын, бір-біріне сай болсын! Дөңгеленген дүниеде көліктеріңнің дөңгелегі айнала берсін құрбым!” – деп жазды ол.
Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары балаларынан сыйлыққа 501 раушан гүлін алды
"Айтарға сөзім жоқ": Қыздары тосынсый жасаған Мөлдір Мұқанова жылап қалды
Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқанова балаларымен жантебірентерлік видео жариялағаны хабарланған еді.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?