Мөлдір Әуелбекова шәкірт тәрбиелеумен айналыса бастады
Әнші Мөлдір Әуелбекова жас таланттарға қол ұшын созып, үлкен сахнаға шығуына септігін тигізіп жүр.
«Жуырда жаңа ән шығады. Бір жігітпен дуэт жаздырдық. Ол танымал емес, бірақ өте талантты. Меніңше, жас таланттарды қолдау қажет. Ал бұл ән – оның үлкен сахнадағы дебьюті болмақ. Жігіттің есімі – Ерсұлтан», – деді Әуелбекова Гәкку арнасына берген сұхбатында.
Әуелбекова аталмыш әнге бейнебаян түсірілетінін де айтып қалды.
«Бейнебаян түсіру де жоспарымызда бар. Келесі айда түсірілім жұмыстарына кірісетін шығармыз. Қазір Астанада тұрып жатырмын, сол себепті бейнебаян да елордада түсірілетін болады», – деді әнші.
Айтпақшы, жаңа әнге әлі атау берілмеген. Алайда жаңа туындының диалог түрінде болатыны белгілі.
“Ән диалог түрінде болады. Сол себепті атауына нақты тоқталған жоқпыз. Уақыты келгенде бәрін де білетін боласыздар», – деп тәмамдады сөзін әнші.
Соңғы уақытта диалог түріндегі әндер танымалдылыққа ие. Оның айқын дәлелі – Төреғали мен Еркенің “Алло” және Кентал мен Санданың “Прости, мне очень жаль” туындылары. Айта кетейік, жуырда тыңдармандар Кентал мен Санданың орындауындағы әнді “Алло”-ның көшірмесі деп айыптаған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Аяғы ауыр Мөлдір Әуелбекова сахналық көйлектерін сатқысы келіп жүр
Мөлдір Әуелбекова декреттік демалысында үй жабдықтарын тігіп жатыр
Оқырмандары макияжсыз Мөлдір Әуелбекованы оқушыға ұқсатты
Әуелбекова күйеуін “таз” деген желі қолданушысына ұрсып тастады