Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова алаяқтарға алданып, әулетімен бірге далада қалған

Мөлдір Әуелбекова осыдан үш жыл бұрын алаяқтарға алданып, отбасымен бірге далада қалған. Ол кез – Мөлдірдің тұрмыс құрмаған кезі. Әнші сенгіштігінің кесірінен басындағы баспанасынан айырылып, соның салдарынан үлкен қарызға батқан.

Мөлдір Әуелбекова алаяқтарға алданып, әулетімен бірге далада қалған

Суретте Мөлдірдің туған әпкесі Меруерт және олардың ата-анасы. Фото: Instagram, коллаж Stan.kz

Бұл туралы Мөлдір Тимур Балымбетовтың “Шыны керек” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Отбасымда әкем, анам, інім, келінім, екі баласымен, әпкем 4 баласымен – барлығы 13 адам далада қалдық. Менің қателігім, алданып қалдым. Бар үйімізден айырылып қалдым. Кейін бүкіл отбасым менің арқамда болғандықтан, тез жиналдым. Өйткені менде басқа амал болған жоқ.

Расында ауыр болды. Әлі күнге дейін күйзеліс болған кезде сол сәтті еске түсіремін де, өзімді тез жинақтаймын. Өйткені ең ауыр сәт, кезең сол кезде болды”, – дейді Әуелбекова.

Мөлдір тез арада есін жиып, таныстарынан үлкен көлемде қарыз алған. 2 ай ішінде әке-шешесіне үй тұрғызып беріп, кейін 1,5 жыл тек қарызды қайтаруға жұмыс істеген.

“185 курспен үлкен көлемде қарыз алып, оны 365 курспен қайтардым”, – дейді Мөлдір.

Үйдің құрылысы аяқталғанға дейін көршілеріні “времянкасын” жалдап тұрған.

“Бәріміз сол жерде тұрдық. Енді біз де адамбыз ғой, біздің де басымыздан неше түрлі өтеді. Қызығын қараңыз, 2 желтоқсан күні үйді бітіріп кірдік, 4 желтоқсан күні мен ұзатылдым. Бүкіл құдалығымыз, барлығы қарызға жасалған дүние. Сол себепті 8 айлық жүкті кезіме дейін жұмыс істедім. Балам 2 айлық кезінен бастап менің жанымнан қалмайды. Ешқандай тойдан бас тартпай, жұмыс істеген себебім де сол. Енді қазір Аллаға шүкір, ондай кезеңнен қалай өттім деп өзім де таңғаламын. Көз жасымды көрсетпей халыққа, оны қайдан естігеніңізді білмеймін. Бұл туралы өзімнің жақындарым ғана біледі”, – деп ағынан жарылды Әуелбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір экс-продюсері Баян Алагөзовамен татуласқанын айтқан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау