Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Эмоцияға беріліп айтып қойдым": Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовтың балаларымен қарым-қатынасы туралы айтты

Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекпен қарым-қатынасы жайлыФото: https://www.instagram.com/moldir.mt

Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова “Жарқыраған жұлдыз” бағдарламасына берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, әзілкеш экс-әйелінің сұхбатынан кейін балаларымен хабарласқан.

“Сұхбаттан кейін балаларға хабарласып, сөйлесті. Әдемі басқа елде оқып жатыр. Қызына “Әдемі, саған рақмет” деп айтқан екен. Жүрегі елжіреп, кішкене дауысы дірілдеп тұрған екен. Әдемі оған: “Папа, не үшін рақмет айтып жатырсыз? Сіз менің әкемсіз ғой. Мен де сізді сағындым. Хабарласқаныңызға рақмет” деп жауап беріпті”, – деді ол.

Сондай-ақ Мөлдір Мұқанова әлі де айтылмаған ақпарат көп екенін алға тартып, сұхбаттағы сөздерінің эмоцияның әсерінен шыққанын жеткізді.

“Әкелерінің жүрегі өте кең адам ғой. Бұл – уақытша қателік. Дәл сол уақытта балалардың нөмірін бұғаттапты. Сол сәтте өзім қасында болмағаннан кейін Тұрсынбектің өзі бұғаттады ма, әлде қасындағы адамдар бұғаттады ма? Біз білмейміз ғой. Сондықтан мен тек фактілерді айтамын. Қаншама уақыт бойы біз хабарласа алмай, жазбаларымызға жауап ала алмадық. Хатымыздың бізден кеткені ғана көрініп тұрды, оған бармады. Телефоннан қоңырау бармады, байланысқа шыға алмай қалдық. Қиналып кеттік, сағындық, жыладық… Әсіресе Айару мен Нұриман… Сондай сәттер болды. Сол сәтте эмоцияға беріліп осындай қиыншылықты айтып қойдым”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелінің фильмін сынап тастағаны хабарланған еді.

Еске салайық, продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеді. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің көңілдесі пайда болған. Сондай-ақ продюсер Тұрсынбек Қабатов балаларын бұғаттап қойғанын айтты.

Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды. Оған қоса, Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың Instagram желісіндегі парақшасында түрлі пікір қалдырып жатыр.

Кейінірек Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұхбатына жауап берді.

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 08 Желтоқсан, 2025 11:11