Молданазар «Тараз» кинофильмінің саундтрегіне түсірілген бейнебаянын жарыққа шығарды (видео)
Әнші Ғалымжан Молданазар режиссер Нұртас Адамбайдың «Тараз» кинофильмінің саундтрегін орындап, бейнебаян түсірді. «Сағым» деп аталатын туынды криминалды драманың негізгі саундтрегіне айналды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әлбетте, саундтрек болғандықтан бейнебаян кинофильм кадрларынан құралған. YouTube желісіне кеше салынған бейнебаянды 10 мыңнан аса адам тамашалап үлгерді. Желі қолданушыларының басым бөлігі Ғалымжанның туындысын жоғары бағалады. Бір аптада қатарынан екі клип шығарған әншінің жұрт еңбекқорлығын жоғары бағалады.
«2 аптада 2 клип, екеуі де Гәкку арнасының тарихындағы ең үздік туындылар. Ғажап», «Ғалымжан әрқашанда жүрекпен айтады, маған ұнады, керемет», «Тм ерекше, тым бөлек, тым керемет», «Музыка мен кинода орындары бөлек жандардың жұмысы», «Ғалымжанның әндері жүректі елжіретеді», – дейді желі қолданушылары. Алайда бейнебаянды қызықсыз, баяу деп тапқан көрермендер де табылды. Есесіне көпшілік «Тараз» кинофильмінің экранға шығатын сәтін асыға күтуде.
«Тараз» – Нұртас Адамбайдың криминалды драма жанрындағы алғашқы туындысы. Кинокартина жарыққа шықпай жатып-ақ АҚШ-та өткен халықаралық кинофестивальде екі басты жүлдені жеңіп алған еді.
Айта кетейік, Молданазар бұған дейін де Адамбайдың «Ауылдан қашу: «Махаббат» операциясы» кинофильміне ән жазып берген.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымжан Молданазар: Ресейге қанша шақырса да, Алматымнан ешқайда кетпеймін
Көруге тұрарлық бейнебаян: Молданазар қазақстандықтарды елжіретті (видео)
Ғалымжан Молданазардың әні Еуропа радиоларында қойылып жүр
Ғалымжан Молданазар күйзеліс туралы әнге бейнебаян түсірді (видео)