Моджтаба Хаменеи Иран халқы мен Парсы шығанағы елдеріне үндеу жасады

Иранның Жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеи өз халқына үндеу жасап, Ислам Республикасының АҚШ пен Израильмен болған қақтығыста жеңіске жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Моджтаба Хаменеи өз үндеуінде Иран халқының үшінші қасиетті қорғаныста жеңіске жеткенін айтты.
АҚШ-пен келісімге келу мүмкіндігі туралы аясында ол Тегеран соғысқа ұмтылмайтынын, бірақ өз талаптарынан бас тартпайтынын атап өтті.
Моджтаба Хаменеидің сөзінше, Тегеран Ормуз бұғазы бақылауын жалғастырады.
"Біз келтірілген әрбір зиян үшін, шәһидтердің төгілген қанының өтемін талап етеміз”, – деді ол.
Сондай-ақ ол Иранның бұрынғы жетекшісі Али Хаменеи және басқа да қаза тапқан ирандықтар үшін кек алуға бел буғанын мәлімдеді.
ОқыңызПарсы шығанағы елдеріне үндеу жасаған Моджтаба Хаменеи оңтүстік көршілерін "дұрыс жақты таңдауға" және "шайтанның жалған уәделеріне ермеуге" шақырды.
Дональд Трамп 8 сәуірге қараған түні АҚШ пен Иран арасында екі аптаға атысты тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді. Кейін ол Тегеранмен бейбіт келісім сәтсіз болса, Иранға өте ауыр салдары болатынын ескертті.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді