Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Модель Динагүл: Жігітім мені өлтірмек болды, мен өлтірме деп жалындым

Ел аузында қызу талқыға түскен, сынға іліккен атышулы модель бұрынғы жігітмен ара қатынасы жайлы. Өзіне қол жұмсаған сүйіктісінің өзін өлтірмек болғанын ашық айтты. 

Модель Динагүл: Жігітім мені өлтірмек болды, мен өлтірме деп жалындым

"Мен алғаш төсімді ашып сахнаға шыққанда, сын айтушылар қаптады. Оның бәрін естіп, үйге келсем жігітім де жұдырықпен қарсы алды. Ол кезде көңіл қосқан жігітіммен бірге тұратынмын. Мені аяусыз ұрып-соқты. Үсті-басым қан болды. "Сенің ешкімің жоқ, сені өлтірем" деді. Таңға дейін солай қинады. Таңертең оған жалындым. Өлтірме деп жалындым. Амалын тауып қашып шықтым. Таксимен жұмысқа келдім. Ол бір апта хабарласып жүрді. "Сен неге әлі тірі жүрсің деді. Мен ертесі фотосессия жасап, мені қалай ұрғанын көрсеттім", - деді Динагүл. 

Одан кейін де шу көп болды. Бірақ кейін ісіне өкінді дейді модель. Айтуынша, сенімінен шыққан сүйгені жақында кешірім сұрай келіпті. Алайда онымен енді көңіл қосатын ойы жоқ көрінеді. 


Оқи отырыңыз: Динагүл: Оқу деп жүріп анамның көз жұмғанын естімедім, жерлеуіне де бармадым

Талқылау