Модель Динагүл Тасова: Төсімді ашып шыққаным үшін 150 мың теңге алдым
Модель Динагүл Тасова не себепті сахнаға төсін ашып шыққанын, ол үшін қанша қаражат алғанын айтып берді.
Бұл туралы «TalkLike» жобасында айтылды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Динагүл Тасова қазақ тілі үшін Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келгенін, тіл үшін бірнеше жылын сарп етіп, оқу оқығанын еске алды.
Ал, төсін ашып сахнаға шыққан соң өзіне бетпе-бет келіп кімдердің ұрысқанын айтты.
"Алғашқы қойылым үшін 150 теңге алдым. Екіншісін де сондай көлемде ақша төледі. Үшінші, төртінші көрсетілімде одан 40 мың теңгедей көп ақша таптым, яғни жалаңаш бір рет шыққаным үшін 190 мың теңге алдым", - деді Тасова.
Модельдің айтуынша, осыдан соң оған сын айтқандар саны көбейе түскен. Қоластындағы қызметкердің өзі де алдына келіп ауыр сөздер айтқан екен.
"Ол кезде басшы болып жұмыс істеп жүрдім. Маған 50 жасқа келіп қалған журналист әйел келіп ұрысты. Бетіме келіп айтқан сол кісі ғана. Оның өзі кейі кешірім сұрады. Ал, басқалары сырттай ұрсып жатты. Бауырларым хабарласқанда, мен халықтан онсыз да сын естіп жүрмін. Менің өміріме араласпаңда дедім", - дейді модель.
Тағы оқыңыз
Нұрлан Әлімжан Динагүл Тасоваға қатысты: Енді алаңға шығарып дүре соғамыз
Динагүлдің айтуынша, төсін ашқанға дейін де, төсін ашқаннан кейін де оған төсек қатынасын ұсынатындар көп болған. Тіпті, 10 мың долларын ұсынған азаматтарды табылыпты. Бірі 1 млн теңгені карточкасына аударған екен. Алайда, оның бәрінен бас тарттым дейді.
"Себебі мен арымы сатпаймын. Мен көшедегі жезөкше емеспін. Мен сахна үшін ғана ашық шығам.Себебі төсім әдемі. Менің жасым үшін омырауым жасанды болса да, әдемі деп санаймын", - дейді ол.