Митинг кезінде оқ тиген: Із-түссіз жоғалған Алматы қаласының тұрғынын отбасы таба алмай жатыр
Алматы қаласы Алатау ауданының 34 жастағы тұрғыны Анатолий Галеевич Ахметов хабар-ошарсыз кетті. Бес күннен бері оны іздеп жүрген отбасы қаладағы полиция бөлімшелерінен бастап мәйітханаларға дейін баруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Анатолий Галеевич Ахметов
Анатолий – балалар үйінің түлегі. Оны әйелі мен 5 жасар ұлы үйде күтіп отыр.
Жұбайы Батыш Stan.kz тілшісіне берген пікірінде 6 қаңтарда күйеуіне митинг кезінде оған оқ тигенін айтты. Осылайша, ол ауруханаға жеткізілген.
“23.02.1987 жылы туған Анатолий Галеевич Ахметов арық денелі, бойы 175 см, көзі қою қара. Митинг кезінде оның №5 қалалық клиникалық ауруханалардың біріне әкелді. Жұбайы ретінде оны үш рет көрдім, ал 8 ақпанда оны құқық қорғау органдары алып кетіпті. Содан бері ешқандай хабар жоқ.
ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, уақытша ұстау изоляторына хабарластым, 114 пен 102 нөмірлеріне қоңырау шалып үлгердім. Бірақ бұл әрекеттерім нәтиже берген жоқ”, – дейді жұбайы.
Сөзінше, қаладағы мәйітханаларды да кезіп жүр.
“Қазір мәйітханаларға хабарласып, барып жатырмыз. Құдайға шүкір, ол жақтарда жоқ болып шықты”, – дейді әйелі.
Анатолий Галеевич Ахметовты көргендер, қайда екенін білетіндер болса, мына нөмірге хабарласуға болады: 77081708954