Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“14 қазан митинг болмайды”: Талғарда қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің әкесі мен Нүкенованың ағасы мәлімдеме жасады

Талғарда қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі мен қорғаушысы Айтбек Амангелді мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды

Олар 14 қазан митинг болады деген ақпаратқа сенбеуге шақырып, тергеу жүріп жатқанын айтты.

"Біз Шерзаттың әкесі Қаржаубай екеуіміз 14 қазан күіні ешқандай митингіге шығудың қажеті жоқтығын айтқымыз келеді. Митинг болмайды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Экспертизалар жасалуда. Бұл митинг тергеу амалдарына кері әсер етуі мүмкін. Бұл пайдасыз әрекет. Отбасы ешқандай көмекке мұқтаж емес, қаражат жинап жатқан жоқ”, – деді Айтбек Амангелді.

Шерзаттың әкесі тек қана әділ сот талап ететін алға тартты.

"14 қазан күні ешқандай митинг, қан төгіс болмайды. Менің мақсатым баламның өліміне қатысты әділетті сот шешімінің шығуы. Адамдар келіп, тергеу жүріп жатыр. Қорғаушылар, марқұм Салтанаттың бауыры да бар. Бір-бірмізге қолдау көрсетіп жатырмыз. Халықтың қолдауына алғыс айтамын. Бірақ қан төгудің қажеті жоқ. Қан төгетіндер төге берсін. Саналы ел болуымыз керек қой. Қан төгіспен еш нәрсе шешілмейді. Мен балам үшін әділ сот талап етемін. Соңына дейін барамын. Менің мақсатым елді дүрліктіріп, пышақтап, қан төгу емес. Маған сбор қажет емес. Баламның қайғысына ақша жинап алайын деп жүрген адам емеспін. Ақша да, үй де табылады. Баламды жер қойнына дұрыстап тапсырғым келеді”, – деді Шерзаттың әкесі.

Еске салайық, бұған дейін 12 қазанда Алматы облысы, Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің үйі сенбіге қараған түні өртеніп кеткені хабарланған еді. Ішкі істер министрінің орынбасары Талғардағы Шерзат Болаттың өртенген үйіне барды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @justice_for_sherzat

Талқылау