"Мисс Қазақстан" байқауына трансгендерлер қатыса алмайды – Ұйымдастырушылар
Фото: Instagram.com/misskazakhstan_official
“Мисс Қазақстан” байқауының ұйымдастырушылары “байқауға трансгендерлер қатыса алады” деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Біз әрбір өтінішті қарастырамыз, алайда түпкілікті қатысу туралы шешім елдің үміті мен мәдени кодының талаптарына сай келетін қатаң критерийлер мен ережелерге сәйкес анықталады. Ұлттық сұлулық байқауы – жай ғана шоу емес, ол қазақ халқының нәзіктігі, даналығы мен рухани құндылықтарының айнасы. Ер болып туған, кейін "трансгендер" болған адамдардың әйелдер титулы үшін таласуы орынсыз", – деп мәлімдеді байқаудың баспасөз қызметі.
Байқаудың ресми сайтында "Қатысушыларға қойылатын талаптар" деген бөлім бар. Онда көрсетілген негізгі шарт: қатысушының жасы 26-дан аспаған, бойының ұзындығы 168 см-ден жоғары болуы керек.
Қазірдің өзінде өңірлік іріктеу кезеңдері өтіп жатыр. Биыл "Мисс Қазақстан" байқауының финалы Алматы метросында өтеді.
Айта кетейік, Miss Qazaqstan қоғамдық қорының директоры Айжан Рузаева "Мисс Қазақстан" байқауына трансгендер адамдар мен дене бітімі ерекшелеу арулар да қатыса алатынын айтқан еді.

Қазақстандықтар Гуанчжоуда қайдан тамақтана алады: Қытай асханасына шолу
