Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Етін мысықтарға берген": Қарағанды тұрғыны бөтелкелесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған

Қарағанды тұрғыны бөтелкелесін өлтіргенімен қоймай, оның денесін бөлшектеп, қоқысқа лақтырған. Қанды қылмыс өткен аптада тіркелді. Алайда оның жай-жапсары енді ғана жария болып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Жан түршіктірерлік оқиға Университеттік көшесі 19-шы үйде болған. Бұл - сол маңдағыларға танымал Арман есімді жігіттің пәтері. Көршілердің айтуынша, 2 наурыз күні ол бірнеше бөтелке арақ алып, көршісі Даниярды қонаққа шақырыпты. 37 жастағы жігітті мұнан соң ешкім көрмеген.

"Мен Арманмен араласып тұратынмын. Сол күні оған қоңырау шалдым. Данияр сенің қасыңда ма? - деп сұрадым. Ол "жоқ, көрмедім" деп тұтқаны тастай салды. Ол екеуі бірге ішкені анық. Пышақ сілтеген. Данияр қарсы келген, ал анау күштілік танытқан болып тұр шамасы", - деді куәгер Александр Постников.

Туыстары Даниярды үш күн бойы іздеген. Ал көршісі сол кезде бөлшектелген денені қоқыс қалташаларына салып, түнделетіп сол маңдағы бірнеше қоқыс жәшіктеріне бөліп тастаған. Қазір осы оқиғаның ізімен қылмыстық іс қозғалған.

"33 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсету шараларын берді. Аталған факті бойынша "Адам өлтіру"бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.   

Кісі өлтірушіні жақсы танитын көршілері ер адам мысықтарды марқұмның етімен бірнеше күн тамақтандырғанын айтты.

"Ол мысықтарды Даниярдың етімен тамақтандырды. Мүмкін оны өзі де жеген шығар. Ол менің ойымша, сол жерде сорпа да пісірген шығар. Каннибал ... Ол ауру адам. Ол бірінші рет түрмеде отырды. Өзінің қызын өлтірген. 8 жыл түрмеде отырып, енді маньяк қайтып келді", - дейді көршісі Дмитрий Постников.

 Көршілердің білуінше, күдікті жиі ішімдік ішіп, айналасындағыларға әлімжеттік жасаған. Есірткіге де әуестігі бар деп қалды. Кісі өлтірген 33 жастағы азамат мұнда жалғыз тұрады. Жүйкесі сыр бергендіктен туыстары оны жалғыз қалдырған, дейді тұрғандар. Ол бұған дейін де осыған ұқсас қылмыспен сегіз жыл жазасын өтеп шыққан.
 

Талқылау