Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мирас пен Құралай ерекше бизнес түрімен айналыса бастады

Елімізде кәсіпкерлік пен әншілікті қатар алып жүрген өнер иелері аз емес. Жақында олардың қатарына Мирас пен Құралай қосылмақ. Тек бұл жұлдызды жұптың таңдаған кәсібі елден ерек. Ол қандай кәсіп? Сахнада жүргендеріне талай жылдың жүзі болса да, Мирас пен Құралай неге әлі күнге дейін жеке концерт бермеген? Бұл туралы жұлдызды жұп Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

20969214_103873200346672_9188131499478614016_n

«Алла қаласа 25 қазан күні Республика сарайында Құралай екеуміздің алғашқы есеп беру шығармашылық кешіміз болайын деп жатыр. Баршаңызды сол кешімізге шақырамыз. Қазір дайындық үстіндеміз. Алла қаласа мемлекеттік симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен классикалық шығармалар орындалады. Құралай екеуіміз жеке-жеке әндерімізді де орындаймыз», – дейді Мирас.

Жұлдызды жұп отбасылық бизнестерін де жолға қоя бастаған екен. Мәселен, Мирас-Құралай өнер студиясы еліміздің әр қалаларынан ашылып, кеңейіп жатқан жайы бар. Талантты балалар қайда барарын білмей жүрсе, бізге келсін дейді Мирас пен Құралай.

«Баршаңыз білесіздер, Мирас-Құралай өнер студиясы бар бізде. Сол студиямыз кеңейіп жатыр. Алматының орталығында екінші, Семей қаласында тағы бір өнер студиясы ашылып жатыр, Құдайға шүкір. Сол себептен барша өнерпаз, талантты балапандарымызды шақырамыз», – дейді Мирас.

Жұлдызды жұптың жаңалықтары мұнымен тоқтап қалмақ емес. Келбеті де, бойы мен ойы да сай қосылған Мирас пен Құралайдың тағы бір жоспары бар. Енді олар сән үйін ашып, тігін цехын іске қоспақшы. Мирас пен Құралай киім таңдау жағынан қиыншылыққа тап болған соң осындай идея туындағанын айтады. Айтуларынша, ұзын, денелі келбеттеріне киім өлшемі тура келмей қала береді екен.

«Осылайша, менің келіншегім Құралай сияқты денелі, ұзын қыз-келіншектерге арналған киімдер шығаруды жөн көрдік. Дегенмен, отандық бренд қалыптастыратын сән үйін ашып, оны жүргізу оңай емес. Мұны жақсы түсінеміз», – деген Мирас сол үшін арнайы мамандармен, дизайнерлермен, тігіншілермен келісім-шартқа отырып, жұмысты бастап кеткендерін жеткізді.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Әке тәрбиесі туралы сөз еткен Бүркіт көптің жүрегін елжіретті

Есентаева мен Жорабаева Димаштың суреті бейнеленген ұшаққа қатысты пікір білдірді

Әнші Серікбол Сайлаубек анасының 60 жылдығын дүркіретіп өкізді (фото)

«Шектен шықтыңыздар»: Ninety one әншісінің ата-анасы Сәкен мен Мейрамбекке ашық хат жазды

Талқылау