Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Минутына 100 данасы сатылады": Дубай шоколадын жасаған әйел тәттіні әзірлеу құпиясын бөлісті (видео)

Сындырған кезде арасындағы жасыл салмасы ағып түсетін Дубай шоколадының видеосы желіде кең тарап жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінде бұл тауарды сатып алушылар саны артқан. Тіпті минутына 100 данадан сатылады дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Elle басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Instagram fixdessertchocolatier

Бұл тәттіні Дубайда тоғыз жылдан бері тұрып жатқан 38 жастағы Сара Хамуда жасаған. Ол 2021 жылы Fix Dessert Chocolatier брендін іске қосқан. Сара – Мысыр текті британиялық әйел. Ол жүкті кезінде тәтті тағамдарға жерік болып, шағын бизнестің негізін қалады. Брендтің құрамында әртүрлі қосынды бар: дәстүрлі кунафадан бастап печенье, крем және қытырлақ жармаға дейін.

“Біз көп уақыт пен күш жұмсаймыз, Өзіміз дайындайтын батончиктерге үлкен сүйіспеншілікпен қараймыз. Бұл жай шоколад емес”, – дейді Сара Хамуда.

@mariavehera257 @fixdessertchocolatier WOW, JUST WOW!!! Can’t explain how good these are! When a chocolate, a dessert and a piece of art meet this is what you get! 🍫 "Can't Get Knafeh of it," "Mind Your Own Busicoff," and "Crazy Over Caramel." Order on Instagram Chatfood or Deliveroo and let me know what’s your FIX? Instagram : fixdessertchocolatier #asmr #foodsounds #dubai #dubaidessert ♬ оригинальный звук - mariavehera257

Ол әдеттегі шоколадтан да көп нәрсе жасады.

"Шынымды айтсам, бұл дүниежүзіне тарап кетеді деп ойламадым. Мен канадалық, аргентиналық және румыниялық адамдардан түрлі хабарламалар мен видеолар алдым", – деді Сара. 

Сараның айтуынша, батончиктер қолдан жасалған және олардың әрбірінде түрлі-түсті дизайн бар.

"Мен үшін өніміміздің сапасы мен қосындысын сақтау өте маңызды. Батончиктің құпиясы – фирмалық қалыбы, пішіні мен қаптамасында”, – деді әйел. 

Ақпан айында шоколад таныла бастаған соң, компания кеңейген. Хамуда мен күйеуі өз үйінің ас үйінде 10 адамнан тұратын команда жасақтаған. 

Бір данасы 20 доллардан (9826 теңге) сатылатын 200 граммдық шоколадты батончиктерді тек жеткізу қызметі арқылы алуға болады. Сатылымы күн сайын сағат 17.00-де басталады. Хамуданың айтуынша, дүкен күніне 500 тапсырыс қабылдайды. Ал олар әдетте бірнеше минут ішінде сатылып кетеді екен. 

Талқылау