Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік балаларды жаңа жылдық іс-шараларға апармауды өтінді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады. Министрлік өкілі ойын-сауық орталықтарында өтетін Жаңа жылдық іс-шараларға балаларды апармауды өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik радиосына сілтеме жасап. 

Фото: Forbes.kz

"Бұл сауал жыл сайын ата-аналарды толғандырады. Денсаулықты сақтау үшін балаларды бір жерге жинамауға шақырамыз. Үлкен ұжымдарда вирусты жұқтыру қаупі жоғары. 

Сондықтан тағы да ата-аналарды ойын-сауық орталықтары ұйымдастыратын мерекелік іс-шараларға бармауды сұраймыз", – деді Каринова. 

Естеріңізде болса, еліміздің бас санитар дәрігерінің шешімімен, биыл балабақшалар мен мектептерде, сондай-ақ, жоғары оқу орындарында Жаңа жылдық ертеңгіліктер мен кештерді өткізуге тыйым салынды. Каринова ауқымды кештерге тыйым салынғанымен, жекелеген топтар мен сыныптарға қатысты шешімді оқу орнының әкімшілігі қабылдайтынын айтты. Әйткенмен мұның санитар дәрігерлердің шешіміне сай болу керектігін ескертті.

"Топтық ертеңгіліктер болмайды. Бір сынып немесе бір топ аясындағы іс-шараларға рұқсат етіледі", - деді ол. 

Талқылау