Министр Жұманғарин елде жалақының көтерілмеу себебін атады

Ұлттық экономика министрі, вице-премьер Серік Жұманғарин V Ұлттық құрылтай сессиясынан кейін елде жалақының көтерілмеу себебін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұманғариннің сөзінше, көбі жалақының көтерілмеу себебі инфляция екенін айтады. Дегенмен елде инфляция бұдан да жоғары болған кезеңде жалақының айтарлықтай жоғары деңгейге жеткен кездер болғанын тілге тиек етті.
"Соңғы үш тоқсанның қорытындысы бойынша табыс деңгейі 2,4% төмендеген. Мойындау керек, мұндағы басты фактор жалақы болып отыр. Мемлекеттік сектор – білім беру, денсаулық сақтау мен мәдениет саласында жалақыны өсірген жоқпыз. Алдағы уақытта жалақыны көтеріміз. Ал жекеменшік секторда кәсіпорында табысқа жұмыс істеп кетті, себебі нарықта бәсеке жоғары. Мыңдаған адам жұмыс істейтін осындай мекемелерде жалақыны көтеру мүмкін болмады. Ал жалақы өсуі үшін не істеу керек? Табысы жоғары кәсіпорындар ашу керек. Шикізатқа байланысты кәсіпорындарда жалақыны өсіре алмайды, өйткені қосылған құн салығы төмен. Біз екі жылдан бері осы мәселемен шұғылданып келеміз", – деді Жұманғарин.
Министр халықтың табысы мәселесі жайлы айтқанда АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің қабылдаған шараларын тілге тиек етті.
"Трамптың әкімшілігі ерекше әдістерге жүгінді. Ипотека бағасын түсірді, сақтандырудың арзандауына әсер етті. Мұның барлығы халықтың шығындары. Жұртшылықтың несие алуын азайтты. Жылдық сыйақы мөлшерлемесіне шектеу енгізді", – деп атап өтті ол.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі