Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Жамбыл облысындағы апаттан кейін әскери бөлім басшыларын қызметтерінен алып тастады

Жамбыл облысындағы қар көшкіні апатын зерттеген қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов әскери бөлім командирі мен штаб басшысын қызметтерінен босатты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170218140118

“Қазіргі таңда қорғаныс министрі полк командирі Бралинов пен штаб басшысы Шөлбековты қызметтерінен босатты”, – деп хабарлады вице-министр Талғат Мұхтаров баспасөз мәслихаты кезінде.

“Бұл тәртіптік шешімнің қылмыстық іске қатысы жоқ”, – дейді вице-министр.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында аталған апатқа байланысты үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлену жағдайы да қарастырылып отыр.

Осы апат негізінде әзірге нақты айып ешкімге тағылған жоқ. Бірақ, арнайы тергеу тобы куәгерлерден жауап алуды бастап кетті.

Еске сала кетсек, 17 ақпан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданынан 35-40 шақырым қашықтықтағы “Көксай” сайында қар көшкіні жүргені айтылған. Ол жерде 91678 әскери бөлімінің сарбаздары жаттығу жиынында жүрген, 7 сарбаз қаза болған еді.

Оқи отырыңыз:

Жамбыл облысында қар көшкінінен тірі қалған сарбаз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Жарақат алған полицейдің әйелі: “КамАЗ” жүргізушісі ауруханаға кешірім сұрап келді

Балаларды ірі жол апатынан құтқарып қалған павлодарлық полицей есін жиды

Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)

Талқылау