Министр не себепті Қазақстанның Қырғызстанға 100 млн доллар қаржы беретінін айтты
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстанның не себепті Қырғызстанға 100 млн доллар көмек беретінін айтып берді.
Фото: Табылды Қыдырбеков
«Қазақстан үшін де бұл шешім қолайлы болмақ. Өйткені, Евразиялық одақ аясында біздің кеден шекарамыз ортақ. Ол Қырғызстанмен шектеседі, Қырғызстан Қытаймен де, Тәжікстанмен де, Өзбестан аумағымен де байланысты. Біз ЕврАзЭО-та Қырғызтанмен шекаралас жалғыз ел болғандықтан барлық контрабандалар, контрафактілер, тауар бағасы бізге тікелей әсер етеді», – дейді Сүлейменов.
ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары сәрсенбі күні Қырғызстанға 100 млн доллар қаржылай көмек беру ратификациялық келісімін мақұлдады. Бұл Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісім аясында жасалды.
“Келісім нормаларына сәйкес, Қазақстан тарапы Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа интеграциясы процесіне жәрдемдесу мақсатында аталған елге 100 млн АҚШ долларына пара-пар көмек көрсетеді. Көмек қырғыз тарапына Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы жөніндегі “Жол карталарында” көзделген шараларды іске асыруға, атап айтқанда ЕАЭО кедендік шекарасының қырғыз учаскесінде кедендік инфрақұрылымды жақсартуға, Қырғызстанның санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық жүйелерін одақ талаптарымен сәйкестендіруге беріледі”, — деп баяндады мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
Тағы да оқыңыз:
Мұнарадан секіріп кеткен жұбайларды келліссөз жүргізушілер неге құтқара алмады?
Ақтауда жеңіл көлік әйел адамды қағып 20 метрге дейін сүйреп кетті
Анасының мүгедектігіне қарамай бас тартпаған баласы бүгінде Гарвард университетінде оқиды (фото)