Министр Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына 1 триллион теңге жұмсалатынын мәлімдеді
Үкімет кулуарында журналистер кейінгі жылдары елде шенеуніктер саны артып кеткеніне назар аударды. Олар бюджетті үнемдеу үшін мемлекеттік секторды қысқартатын уақыт келген жоқ па деп сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Барлық мемлекеттік аппаратты қамтамасыз ету үшін бюджеттен қанша қаржы жұмсалатынын қаржы министрі Мәди Такиев айтып берді.
“Мен жалпы мемлекеттік аппараттың жалақысы туралы айта аламын. Ол - 1 трлн 32 мың. Бұл – барлық мемлекеттік қызметкердің бір жыл ішіндегі жалақысы”, - деді Мәди Такиев.
Оның дерегінше, кейінгі 10 жылда шенеуніктер саны өзгермеген. Министрліктерді бөлу туралы шешім қабылданғаннан кейін штат саны артқан жоқ – елде бұрынғыша шамамен 89 мың мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді.
Бұған дейін Мәди Такиев Елтаңбаны ауыстыруға қанша қаражат кететіні туралы айтқан еді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық