Бізге "кәнсілдеу мәдениеті" қажет емес – Министр Аида Балаева
Фото: primeminister.kz
Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева "кәнсілдеу мәдениеті" ешқандай жақсы нәтижеге жеткізбейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр Аида Балаева Мәжіліс кулуарында пікір білдірді.
“Мұндай құбылыс ешқандай жақсылыққа жеткізбейді. Ең көп зардап шегетін шағын және орта бизнес. Ол – біздің тұрақтылығымыздың негізі. Сол себепті бәрін “жоюды” қалайтын адамдарды қолдап, насихаттау дұрыс емес”, – деді Балаева.
“Cancel culture” немесе “кәнсілдеу мәдениеті” – белгілі тұлғалар, компаниялар немесе брендтер қоғам тарапынан теріс пікірге ұшырап, бойкотқа немесе қоғамдық ортадан аластатылуға дейін баратын әлеуметтік құбылыс.
Қазақстанда да мұндай үрдіс әлеуметтік желілерде жиі байқалады. Желі қолданушылары кейде концерттерді тоқтатуға, мекемелерді жабуға немесе бойкот жариялауға шақырады.
Кейінгі уақытта ең көп талқыланған оқиғалардың бірі Алматыдағы Qazaq Coffee кофеханасы төңірегіндегі жағдай болды. Қазақ тілінде мәзір беруден бас тартқан мекеме жаппай сынға ұшырап, интернетте бойкот жарияланған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Әлия Бутеева есімді бойжеткен актер Шәріп Серіктің ұрғанын айтып берген еді. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, актерге қатысты cancel culture мәдениеті басталды. Salem Entertainment медиакомпаниясы онымен барлық ынтымақтастықты тоқтатып, актерді қара тізімге енгізді.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
