Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Абаев үнді мен кәріс сериалдарынан қалай құтылатынын айтып берді

Парламент мәжілісіне келіп депутаттарға есеп берген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев отандық арналардағы сериалдарға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

dalanews-dauren_abayev

Фото: dalanews.kz

“Отандық телеарналардың көрсетілім сапасын арттырамыз. Рейтингі аса жоғары болатын, сапалы отандық телесериалдар келесі жылы ел назарына ұсынылады”, – деді министр.

Абаев сондай-ақ, үнді мен кәріс сериалдарына көрермендер тарапынан әлі де болса қызығушылық жойылмағанын айтты.

“Біртіндеп шетелдік телехикаялардан бас тартамыз. Дегенмен, қазір бірден жойып жіберсек, көрермен шетелдік арналарға кетіп қалуы мүмкін. Қанша дегенмен, шетелдік сериалдарға сұраныс бар. Сондықтанда қазіргі теңгерімді сақтай отыра, олардың орнын басатын сапалы сериалдар жасап шығарамыз деп отырмыз”, – деді ведомство басшысы.

Дәурен Абаев келер жылы елімізде түсіріліп, көрерменге жол тартқан сериалдардың ел аумағында шектеліп қалмай, шет мемлекеттерде де көрсетілетінін алға тартты.

Оқи отырыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев 25 жасар миллионерден сыйлық алды

Иманғали Тасмағамбетов қазақ тілінің мәртебесі туралы өлең оқып берді (видео)

Дональд Трамп тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ғажап жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді

БАҚ: Фидель Кастроның 35 мың әйелі болған

Талқылау