Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мінез көрсетіп жүр": Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының тәрбиесіне қатысты ойын бөлісті

Танымал актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының сана-сезімі дамып келе жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Отандық киножұлдыз балаларының ерекше болмыстарына тоқталды. 

“Мына жігіт мінез көрсетіп жүр. Жексенбі Алау достарын үйге шақыруға рұқсат сұраған. Нарұл бірден тізім талап етті. “Тек құрбыларыңа ғана рұқсат. Ұлдарды кіргізе алмаймын. Себебі мен үйде болмаймын” деп кесіп айтты. Алау бұлқан-талқан болып, маған қайта-қайта жалтақтады. Менен үн шықпағасын, інісінің талабына көнуден басқа шарасы қалмады”, – деп жазды актриса. 



Одан кейін кинопродюсер тұңғыш қызы Сезімнің де ерекше тақырыпта әңгіме өрбітетініне таңғалатынын жеткізді. 

“Сезім – бөлек әлем. Айтатын әңгімесі тым ауқымды. Мысалы, кеше сені не мазалайды деп сұрағанда, жауабы былай болды: “Еліміздегі жасөспірімдердің суицид жасауы қорқынышты”, “Балаларға арналған контент жоқ. Бәсеке жоқ”, “ЖОО-ның беретін білімі сапалы болуы керек әрі студенттерге жағдай жасалғаны жөн” деді. Ал Ханның даналығы да, балалығы да мөлшермен болғаны ұнайды”, – деді көпбалалы ана. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованы таныту үшін қандай қадамға барғанын айтқан еді. 

Талқылау