Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қалтамнан бір тиын шығармадым": Жол апатына түскен алматылық азамат 3 миллион теңге шығынын өтеп алған

ск халық

Жол апаты — кез келген жүргізушінің басынан өтуі мүмкін күтпеген жағдай. Мұндай сәтте “көлікті кім жөндетеді?”, “шығынды кім өтейді?” деген сұрақтар туындайды. Қазақстанда барлық көлік иесінің міндетті сақтандыруы болуға тиіс. Бірақ бұл сақтандыру барлық жағдайда көмектесе бермейді. Сондықтан мамандар қосымша КАСКО рәсімдеуге кеңес береді. Stan.kz бұл мақалада екі түрлі жағдайға тап болған жүргізушілердің оқиғасы арқылы сақтандырудың айырмашылығын түсіндіреді.

"Қалтамнан бір тиын шығармай, 3 миллион теңге шығынымнан құтылдым"

Қаңтарда Алматы тұрғыны Назархан Уән қосалқы көшелерінің бірінен шығып келе жатқанда басты көшемен келе жатқан көлікті байқамай қалған. Ол тежегішті басса да, тайғақ жолдың кесірінен көлігі бірден тоқтамай, екінші көлікке соғылған. Бұл апатта кінәлі тарап – Назархан. 

“Бірден патрульдік полицияны шақырдық, барлығын рәсімдеді. Екінші көліктің иесі “Көлігімде автосалонның кепілдігі бар, ресми дилерлер сапалы бөлшектермен ғана жасайды, сол жақтан ғана жөндетемін” деді. Қуанышыма орай, менде КАСКО сақтандыруы болды, сондықтан бірден келістім. Өйткені КАСКО-ның артықшылығы – оның да, менің де көлігімді жөндеп беретінінде”, – дейді Назархан. 

сақтандыру жол апатынан қалай қорғайды

Назархан Уән

Оның айтуынша, зардап шеккен екінші тараптың көлігі – Hyundai Elantra. Оның алдыңғы бампері, фарасы және басқа да бөлшектері зақымданыпты. Ресми дилер шығынын қомақты сомаға – 3 миллион 100 мың теңге деп бағалаған. 

”Менің де көлігімнің сол жақ бөлігі толық сырылып, бұзылды. Есігін, қанатын ауыстырдым, бояттым. Бұған шамамен 160-180 мың теңге кетті. Екі көліктің де шығынын КАСКО өтеді. Әрине, сақтандыру арқылы жөндетуге біраз уақыт кетті. Есесіне қалтамнан бір тиын да шыққан жоқ”, – дейді Назархан. 

машина ск халық

    Назарханның соғылған көлігі

“Көлігімді кепілдігі бар ресми дилер арқылы жөндете алмадым”

Салима Бағашар жап-жаңа көлігін автосалоннан сатып алғаннан кейін бір жыл өтпей-ақ, жол апатына түсіп қалады. Былтыр ақпанда Алматыдағы Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатқанда, Әуезов көшесінен кенеттен бір жүргізуші шығып, оның көлігімен соқтығысып қалған. Екінші көліктің жүргізушісі бағдаршамда қызыл жанып тұрса да, жолды қиып өткен. 

“Көлігімнің алдыңғы жағы, қанаты мен есігі қатты зақымданды. Антифризі ағып кетті. Жалпы біраз жерін ауыстыруға тура келді”, — дейді Салима.

сақтандыру жол апатынан қалай қорғайды

Салима Бағашар

Алайда кінәлі жүргізушінің тек міндетті сақтандыруы болған. Ол сол арқылы ең жоғарғы соманы өтеп берген. Бірақ Салима көлігін кепілдікте тұрған ресми дилерден жөндете алмапты. 

“Екінші жүргізуші сақтандыруы арқылы максималды соманы берді. Бірақ ол қаражат ресми дилерімнен жөндетуге жетпеді. Сол себепті автосалондағы кепілдігімді шешіп, басқа жерден жөндетуіме тура келді. Ол жүргізушінің КАСКО сақтандыруы болғанда ресми дилерім есептеп берген менің де шығынымды, өзінің де шығынын өтей алар еді. Осы жағдайдан соң өзіме КАСКО сақтандыруын рәсімдеп алдым. Себебі, жолдың аты – жол. Не болатынын, қандай жағдайға тап болып қалуымыз мүмкін екенін білмейміз”, – дейді Салима.

сақтандыру жол апатынан қалай қорғайды

Салима мен екінші тараптың жол апаты салдарынан зақымданған көлігі

“Міндетті сақтандыру тек қарсы тарапты қорғайды”

“Халық сақтандыру” компаниясы маманы Даурен Жампеисовтың айтуынша, көп адам міндетті сақтандыру көп мәселені шешіп, төлемді өтеп береді деп ойлайды. Бұл – жаңсақ пікір. 

Міндетті сақтандыру — сіздің кінәңізбен болған апатта тек қарсы тараптың көлігіне, денсаулығына немесе мүлкіне келген зиянды, шығынды өтейді. Ал сіздің өз көлігіңізге келген зақым бұл сақтандыруға кірмейді. Оны өз қаражатыңызға жөндеуіңіз керек”, — дейді сарапшы.

Сарапшының сөзінше, міндетті сақтандыру арқылы төленетін өтемақы Ұлттық банк беткіткен арнайы ереже бойынша есептеледі. Көлікті бұрынғы қалпына келтіруге қажет соманы есептейді. 

“Міндетті сақтандыру төлейтін өтемақыны жеке бір автосервистің өз бетімен есептеген бағасымен емес, арнайы бағдарламалар арқылы есептелген баға бойынша береді. Қосалқы бөлшектердің құнын сол өңірде сатылатын жаңа, түпнұсқа бөлшектердің нарықтағы бағасына сүйеніп белгілейді. Өтемақыны есептегенде көліктің қаншалық жаңа не ескі екені де ескеріледі. Мысалы, көлік әлі кепілдікте болса, бөлшектер мен көлікті жөндейтін қызметкердің жұмысының ақысы ресми дилердің құжаттары негізінде төленеді. Ал көлік қаншалық ескі болса, соншалық төлем аз берілуі мүмкін”, – дейді “Халық” сақтандыру компаниясының сарапшысы. 

“КАСКО – көлігіңізді түрлі апаттан қорғайтын сақтандыру түрі”

КАСКО — ерікті сақтандыру. Бұл полис сіз апатқа кінәлі болсаңыз да, сіздің де, екінші тараптың да көлігін жөндеп, шығынын өтейді. Сонымен қатар КАСКО өзіңіз жол апатына ұшырағанда ғана емес, көлігіңіз ұрланса, үстіне ағаш құласа, яғни табиғи апат салдарынан көлігіңіз зақымданса және тағы басқа жағдайда шығынды толықтай немесе келісімге сай мөлшерде өтеп береді. Сарапшының сөзінше, КАСКО бойынша төлем әр адаммен жасалған келісімшартқа байланысты есептеледі. Яғни, кім көлігін қалай, қаншалық сақтандырады, төлем де соған қарай жасалады. 

“Әдетте, көлікке келген зақымды бағалау үшін автосервис немесе ресми дилер берген шоттар, тәуелсіз сарапшылардың бағасы немесе сақтандыру компаниясының өз есебі қолданылады. Сақтандыру компаниясы өзі бағаласа, ол да заңмен бекітілген арнайы ережелерге сүйенеді. Бірақ төлем есептегенде "франшиза" деген шарт ескеріледі — яғни шығынның бір бөлігін өзіңіз төлейсіз. Көлік толық бағасына сақтандырылмаса, төлем де толық болмайды.”, – дейді сарапшы. 

Сарапшы Даурен Жампеисов жаңа әрі қымбат көліктерге міндетті түрде КАСКО сақтандыруын рәсімдеуге кеңес береді. 

“Жаңа көлік қымбат тұрады. Оған бірдеңе болса — мысалы, соғылып қалса немесе ұрлап кетсе, оны жөндеуге немесе орнына басқа көлік алуға көп ақша керек. КАСКО осы шығынның орнын толтырып береді. Сол себепті, жаңа көлік алған адамдар үшін КАСКО — ақшаны да, жүйкені де сақтайтын ең дұрыс шешім”, – дейді “Халық Сақтандыру” компаниясының маманы. 

Халық сақтандыру компаниясының маманы Даурен Жампеисов

    Даурен Жампеисов, Халық сақтандыру компаниясының маманы

Ал КАСКО Light деген не?

КАСКО Light — бұл ерікті сақтандырудың жеңілдетілген түрі. Мұнда клиент сақтандыру тарифін өзі таңдай алады, яғни нақты не нәрсе төлеуге дайын, соны ғана қамтиды. Бұл, әсіресе, көлікті толық сақтандыруға қаржылай мүмкіндік болмағанда ыңғайлы.

“Мәселен, сіз жол апатына кінәлі болмасаңыз, бірақ екінші жүргізушінің міндетті сақтандыруынан төленетін өтемақы сіздің көлігіңізді жөндеуге жетпесе, КАСКО Light сол қалған шығынды өтеуге көмектеседі”, – дейді маман Даурен Жампеисов.

Айта кетері, Қазір КАСКО-ны рәсімдеудің түрлі оңай әдісі бар. Мәселен, “Халық” сақтандыру компаниясы арқылы 50% жеңілдікпен рәсімдеуге болады, сақтандыру құнын 12 айға бөліп төлеуге мүмкіндік бар. Оған қоса сақтандыру рәсімдегендер 15 желтоқсанға дейін Zeekr көлігі мен басқа да бағалы сыйлықтардың ұтысына қатыса алады. Сақтандыруды Халық банкінің мобильді қосымшасы немесе skhalyk.kz сайты арқылы онлайн түрде бірнеше минутта рәсімдеуге болады. 

STAN.KZ
Жұма, 11 Шілде, 2025 09:00
Талқылау