Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мынау кім?" деп сынап жатады": Иманбек Зейкенов табысының қанша екенін айтты

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов отбасы, мансабы мен табысы жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Иманбек

Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында Иманбек әкесінің отыз жылдан астам уақыт бойы өрт сөндіруші екенін, анасы мереке ұйымдастырумен айналысатын агенттікке жұмыс атқаратынын айтады. Сөзінше, оның ата-анасы ұлдарының музыкаға ден қоюына кедергі келтірмеген. 

"Мен музыканы емін-еркін жазатынмын. Ата-анама алғашқы жетістіктерім жайлы айтып беретінмін. Алайда жаңа ремикс жайлы сөз қозғамадым. Бұл туындымды Grammy-ге ұсынған кезде оларға бұл музыканттарға берілетін "Оскар" деп түсіндірдім", - дейді Иманбек. 

Айтуынша, ол әлі туып-өскен жері Ақсу қаласынан көшуді жоспарламаған. Өйткені жаңа әндерді үйінде жазған ыңғайлырақ көрінеді. Бұған қоса, ол табысы жайлы пікір білдірді. 

"Бұл белгілі бір есептелген сома емес. Бара-бара өсіп келеді. Әлі тапқан ақшамды жұмсаған жоқпын. Анама үйге жөндеу жұмыстарын жасауға көмектестім, әкемнің туған күніне сыйлық дайындап жатырмын", - деп қосты ол. 



Музыкант қазір ата-анасына үй алып беретіндей жағдайға жетпегенін айтады. Қазір бұл Иманбек үшін "жоспар емес, арман" екен. Сонымен қатар, ол бұған дейін "ҚазТемірЖол" ұйымында жұмыс істегенін, онда 150 мың теңгеге жетер-жетпес жалақы алғанын жеткізді. 

Жас музыкант фильм, клип көруді ұнатпайтынын сөз етті. Дегенмен ол күнделікті жаңалықтарда хабардар болуды жөн көреді екен. Оған қоса, желіде оны сынайтындар жайлы да білетін көрінеді. 

"Жазбалардың астында "Мынау кім?" деп жазып жатады. Көбіне ТМД елдерінің тұрғындары. Менің ойымша, егер сені сынайтындар табылса, демек, сен дұрыс жолмен жүріп келесің деген сөз", - дейді Иманбек. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық музыканттың туындысы Grammy сыйлығына ұсынылғаны айтылған еді. 

Талқылау