Скриптонит Ресейдегі ең танымал музыканттар рейтингінде көш бастады
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша қазақстандық рэпер Скриптонит Ресейдегі ең танымал музыкант болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рэпер 2020 жылы Apple Music нұсқасы бойынша үздік деп танылды.
Жылдың басында Apple Music-те "2004" эксклюзивті альбомын ұсынған Скриптонит платформада жылдың ең танымал әртісі атанды.
"Бұл жазба Apple Music диаграммасының үздік 10 альбомы тізімінен мүлде түспеген",- деп жазды БАҚ.
Apple Music нұсқасы бойынша ең танымал он әртістер рейтингі төмендегідей:
- Скриптонит
- Morgenshtern
- Zivert
- Jony
- Artik & Asti
- HammAli & Navai
- Макс Корж
- Егор Крид
- Баста
- Элджей
Жылдың ең танымал трегі Джонидің "Кометасы" болды. Үздік ондық қатарына қазақстандық The Limba & Andro-ның "X.O" туындысы да кірді.
Сонымен қатар, жылдық есепте Shazam қолданушылары арасында ең көп сұралған әндердің ондығы да көрсетілген.
Бірінші орында Tones And I-дің "Dance Monkey" туындысы тұр. Ал қазақстандық Иманбек Зайкеновтың "Roses" трегі төртінші орынды иеленді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”